Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Елордада тағы бір санкцияланған жағажай пайда болады

2021 жылдың 3 тамыз 2021 14:18

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елорда аумағындағы тағы бір жағажайда шомылуға жарамды нысан ретінде рәсімдеу мәселесі пысықталып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы Төтенше жағдайлар департаменті Азаматтық қорғау басқарма бастығы Рәтбек Демеуберген әкімдіктің ақпарат алаңында өткен онлайн брифингіде айтты.

«Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Нұр-Сұлтан қаласының су объектілері мен су шаруашылығы құрылыстарында жаппай демалу, туризм және спорт үшін орындар белгілеу туралы» қаулысы бар. Онда халықтың шомылуына арналған су айдындарының 3 учаскесі («Орталық жағажай», «Три пескаря» және «Астаналық аула» демалыс аймақтары) айқындалған», - деді басқарма бастығы.

Оның сөзінше, жуықта елорда аумағында тағы бір санкцияланған жағажай ашылуы мүмкін.

«Оған осымша Астана күні қарсаңында «Триатлон паркі» ауданында қосымша бір жағажай ашылды. Осы жағажайды шомылуға рұқсат етілген обьектілер тізіміне енгізу үшін әкімдікпен бірге «Нұр-Сұлтан қаласының су объектілері мен су шаруашылығы құрылыстарында жаппай демалу, туризм және спорт үшін орындар белгілеу туралы» Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің қаулысына толықтыру мәселесі пысықталуда», - деді Ратбек Демеуберген.


Автор Есімжан Нақтыбай
Басты сөздер: Туризм, Нұр-Сұлтан,
Жоғары қарай