Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Елордада тағы бір сауда орталығында коронавирус вакцинасы егіле бастады

2021 жылдың 28 мамыр 2021 20:29

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - - Елорда тұрғындары мен қонақтарын коронавирус инфекциясына қарсы вакцинациялайтын сауда орындарының тізімін қаланың оң жағалауындағы «Еуразия» сауда үйі толықтырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігіне сілтеме жасап.

Мұнда азаматтар вакцинаның екі түрін қабылдай алады: ресейлік «Спутник-V» препараты және қытайлық «SinofarmHayat-Vak» вакцинасы.

«Қала тұрғындары тығыз орналасқан аудандардың бірін вакцинациялаумен қамту үшін «Еуразия« сауда үйінде де егу пунктін ашуды жөн көрдік. Аудан тұрғындары да аталмыш сауда орнында ашу туралы бірнеше рет өтініш білдірген. Нұр-Сұлтан қаласы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментімен бірлесіп, осы мәселенің мүмкіндігін қарастырдық және азаматтарға ыңғайлы болу үшін вакцинациялау пункттерін ашу туралы шешім қабылдадық. Эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, осы жерде вакцинация жүргізілетін болады», - деп атап өтті қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы.

Вакцинация орны «Еуразия-3» сауда үйінің төртінші қабатында ұйымдастырылған. Вакцинациялауға тіркеу бригаданың кестесіне және сауда үйінің жұмыс режиміне сәйкес сағат 19.30-ға дейін жүргізіледі.

Естеріңізге сала кетейік, елордада бүгінге дейін «Mega Silk Way», «Keruen», «Хан Шатыр», «Әбу-Даби Плаза», «Азия Парк», «Сарыарқа» сауда ойын-сауық орталықтарында, «Әлем», «Астаналық», «Еуразия» сауда үйлерінде вакцинация пункті ашылған болатын. Қала әкімі Алтай Көлгіновтің тапсырмасы бойынша олардың саны үш есе артты.

Басқарма мәліметінше, қоймаларда ресейлік «Спутник-V» және қытайлық Sinofarm Hayat-Vak вакциналарының мөлшері жеткілікті. Жақын арада QazVac отандық препарат жеткізіледі.


Жоғары қарай