Ауа райы
Астана 20 °С
Алматы 15 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Елордада трактор мен жолаушылар автобусы соқтығысып қалды

2019 жылдың 12 қараша 2019 11:02

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Алдын ала болжам бойынша, трактор №40 жолаушылар автобусына жол бермеген, деп хабарлайды ҚазАқпарат қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Полиция қызметкерлері сағат 9:10-да Пушкин көшесі мен Абылай хан даңғылының қиылысында болған жол-көлік оқиғасына қатысты мән-жайды анықтап жатыр. Аталған қиылыста солға бұрылған трактор жүргізушісі қарсы бағытта келе жатқан №40 жолаушылар автобусына жол бермей, салдарынан екеуі соқтығысып қалған», - делінген баспасөз хабарламасында.

Алдын ала болжам бойынша, автобустағы 5 жолаушы ауруханаға жеткізілді.




Фото: Аскар Жанапов/Facebook

Автор Зарина Қаһарман
Басты сөздер: Оқиға, Нұр-Сұлтан,
Жоғары қарай