Ауа райы
Астана 9 °С
Алматы 18 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Елордада түнде істеп тұрған дәмхананың клиенттерінің арасында бес жасөспірім болған

2020 жылдың 6 тамыз 2020 19:08

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елорда аумағында түнгі уақытта жасөспірім балалар жүрген дәмхана анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«5 тамызда түнгі сағат 3-те Шевченко көшесінің бойындағы дәмханада бас санитарлық дәрігер қаулысының бұзылу фактісі тіркелді. Карантиндік шараларға қарамастан дәмхана жұмыс істеп тұрған. Оның ішінде 26 клиентке қызмет көрсетіліп жатқан, олардың арасында бес жасөспірім болғаны анықталды», - делінген хабарламада.

Жасөспірімдердің заңды өкілдері ҚР Әкімшілік кодексінің 442-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапқа тартылды. Дәмхана иесі де жауапқа тартылып, 10 АЕК көлемінде (27780 теңге) айыппұл төлейді. Бұған қоса, дәмхана иесіне қатысты материалдар Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жіберілді.

Өткен тәулікте Нұр-Сұлтан қаласының полицейлері, эпидемиолог, еріктілер мен жергілікті атқару органдарының өкілдерінен құралған мобильді топ 11 рет карантин шарасының бұзылуын анықтады. Қалалық полиция департаменті азаматтарға карантин шараларын бұзғаны үшін жауапқа тартылатынын ескертеді және санитарлық нормаларды сақтауға шақырады.


Басты сөздер: Нұр-Сұлтан, ҚР ІІМ, Карантин,
Жоғары қарай