Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Елордада тұрмыстық зорлық көрсеткен 6,6 мың адамға нұсқама шығарылды

2021 жылдың 5 қараша 2021 02:03

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Биыл Нұр-Сұлтан қаласында тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған. Оған бейім 6600 адамға қатысты нұсқама шығарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Биыл полиция қызметкерлері отбасылық тұрмыстық зорлық-зомбылық көрсеткен және оған бейім 6600 адамға қатысты нұсқама шығарды. Мақсат – жәбірленуші мен отбасының басқа да мүшелерін қорғау. Ол нұсқамаға сәйкес айыпты жәбірленушінің еркі мен рұқсатына қарамастан ешқандай қарым-қатынасқа түспеуі тиіс. Яғни зорлық көрсеткен адамға жәбірленушімен және отбасының басқа да мүшелерімен тікелей сөйлесуге, ізіне түсуге, іздеуге, тіпті телефон арқылы сөйлесуге де заңмен салынады», - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, полиция департаменті тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбаны болған адамның денсаулығына келген зиян қалпына келтірілген жағдайда немесе медиация институты арқылы екіжақ татуласса онда сот істі тоқтата алатынын еске салады.

Айта кетейік, биыл елордада отбасылық зорлық-зомбылыққа қатысты 14 мыңнан астам шағым түскен.

Өз кезегінде астаналық полицейлер отбасылық күш көрсетушілерге қарсы күресудің жаңа әдісін ойлап тапқан.

Одан бөлек, елордада жыл басынан бері 245 адам дағдарыс орталығына жіберілгені айтылды.

Жоғары қарай