Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Елордада үш ауысымды мектептердің саны 2 есе азайды

2022 жылдың 25 мамыр 2022 14:08

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ел астанасында оқушы саны шамадан артық мектептердің саны 22-ден 14-ке дейін қысқарды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мемлекет басшысының жарлығымен биыл балалар жылы аталып өтіп жатыр. Осыған байланысты балалардың тәрбиесі мен біліміне ерекше мән берілген. Спорт секциялары мен үйірмелердің саны көбейіп жатыр. Сонымен қатар балаларға арналған нысандардың инфрақұрылымын жақсарту да назарда. Қала бюджетінің 35 пайызы, бұл шамамен 500 млрд теңге - балаларға жұмсалады. Яғни оларға білім беруге, спорт пен өнерге баулуға және басқа тәрбиелік-танымдық шараларға бағытталған. Бұл - айтарлықтай қолдау», - деді Алтай Көлгінов қалалық мәслихаттың 25-ші кезектен тыс сессиясында.

Қала басшысының айтуынша, орта білім ошақтарының санын ұлғайту - басым мақсат.

«Елордада 70 мың оқушыға арналған 34 мектеп салынды. Енді осы көрсеткішті азайтпауымыз керек. Жыл санап халықтың саны артып келеді. Сонымен қатар 3 ауысымды мектеп мәселесі 2 есе азайды. Одан бөлек, оқушы саны шамадан тыс мектептердің саны 22-ден 14-ке азайды. Бүгін елордада 8599 түлек мектеп бітіріп жатыр. Ал қыркүйекте 25-26 мың бала мектеп табалдырығын аттайды», - дейді ол.


Жоғары қарай