Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Елордада жалған нөмірмен жүрген көлік иесі ұсталды

2021 жылдың 30 тамыз 2021 13:24

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада көлігіне жалған мемлекеттік нөмір тағып алып жүрген жүргізуші ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Елорда полицейлері «Бейнеу» кезекші бөлімінің қызметкерлері бейнебақылау камерасының көмегімен жалған нөмір тағылған көлікті байқайды. Қошқарбаев көшесімен Сарыкөл көшесіне қарай келе жатқан «Toyota Camry» маркалы автомобиль тоқтаған сәтте шынымен де жалған нөмір тағылғаны расталған. Оны тізгіндеген 31 жастағы қала тұрғынына Әкішілік құқық бұзу туралы кодекстің 590-бабының 4-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама жасалды.

«Бұл бап жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салу немесе бір жыл мерзімге көлік құралдарын жүргізу құқығынан айыру түріндегі жауапкершілікті көздейді. 23-29 тамыз аралығында елорда аумағында «Құқықтық тәртіп»жедел алдын алу іс-шарасы өткізілген болатын. Жедел алдын алу іс-шарасы барысында 8 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталды», - деп жазылған қалалық департаментітң баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.


Жоғары қарай