Ауа райы
Астана 17 °С
Алматы 31 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Елордада және бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

2019 жылдың 5 желтоқсан 2019 15:29

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ауа райының бұзылуына байланысты Қазақстанның бірқатар облыстарында ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

6 желтоқсанда Қызылорда облысында оңтүстік-батыстан соққан жел күшейіп, кей жерлерде жел екпіні 15-20 м/с жетеді.

Ақмола облысында 6 желтоқсан - күндіз, 7 желтоқсан - тәулік бойы оңтүстік-батыстан жел соғады. Желдің күші - 15-20 м/с, кей жерлерде - 23-28 м/с, екпіні - 30 м/с жетіп, одан асады.

6 желтоқсанда Ақмола облысының кей жерлерінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. 6-7 желтоқсанда кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ және бұрқасын болады.

6 желтоқсанда Көкшетау қаласында кей уақытта бұрқасын көтеріліп, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз жел екпіні - 15-20, 23 м/с. 7 желтоқсанда түнде және таңертең оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

6 желтоқсанда Қостанай облысының кей жерлерінде бұрқасын соғып, тұман түседі. Көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады. Түнде кей жерлерде жел екпіні - 15-20 м/с, күндіз - 15-20, 23-28 м/с жетеді.

6 желтоқсан күндіз Қостанай қаласында бұрқасын көтеріледі, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с.

6 желтоқсанда Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан және батыстан соққан желдің күші екпіні 23-28 м/с дейін күшейеді. Күндіз ауа температурасы 0-5 градус жылы, кей жерлерде температура күрт төмендеп, 3 градус аяз болады.

Шығыс Қазақстан облысында 6 желтоқсан - күндіз, 7 желтоқсан - тәулік бойы, сондай-ақ Павлодар облысында 7 желтоқсан - тәулік бойы, 8 желтоқсан – түнде оңтүстік-батыстан күшті жел соғады. Желдің күші - 15-20 м/с, кей жерлерде - 23-28, 30 м/с болады және одан асады.

6 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. 6-7 желтоқсанда кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ және бұрқасын күтіледі.

6-7 желтоқсанда Нұр-Сұлтан қаласында бұрқасын көтеріліп, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің күші 15-20 м/с жетеді. 6 желтоқсан - күндіз, 7 желтоқсан - тәулік бойы жел екпіні 25 м/с дейін күшейеді.

Солтүстік Қазақстан облысында 6 желтоқсан - күндіз, 7 желтоқсан - тәулік бойы оңтүстік-батыстан соққан жел күшейіп, екпіні - 15-20 м/с, кей жерлерде 23-28 м/с, 30 м/с жетіп, одан асады. 6-7 желтоқсанда кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі. 6 желтоқсан Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде қар жауады.

6 желтоқсанда Петропавл қаласында қар жауып, бұрқасын соғады. Көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады. Жел екпіні күндіз секундына 23-28 метрге дейін күшейеді.

6 желтоқсанда Ақтөбе облысының кей жерлерінде бұрқасын көтеріледі. Оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы - 18 м/с.

6 желтоқсан Ақтөбе қаласында кей уақытта бұрқасын соғады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 16 м/с.

Жоғары қарай