Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Елордада жаппай ереуіл кезінде қаза тапқан марқұмдардың рухына құран бағышталды

2022 жылдың 10 қаңтар 2022 15:05

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласында елдегі бұзақылық кезінде мерт болғандардың рухына арнайы құран оқылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Тәртіпсіздіктің құрбаны болған жандарға елордадағы «Әзірет сұлтан» мешітінде құран бағышталды.

Шараға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы мен бірнеше имам қатысты.




«Аса рақымды, мейірімді Алланың атымен бастаймын. Бүгін - елімізде аза тұту күні. Отан қорғау жолында мерт болған жандардың жатқан жері жайлы болсын. Олардың артта қалған бауырлары мен жақындарына Алла сабыр берсін. Өкінішке қарай, соңғы күндері еліміз қиын күндерді бастан кешіп жатыр. Қасиетті құранда шындығында, әрбір қиыншықтан кейін жақсылық болатыны туралы айтылған. Сондықтан Алла бізге бейбіт күнімізді қайта бұйыртсын», - деді Наурызбай қажы Тағанұлы, бас мүфти.




Еске сала кетсек, елдегі тәртіпсіздік кезінде күштік құрылымдардың 16 қызметкері қаза тапты.

Айта кетейік, бүгін - Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні.




















Автор Әли Ибраев
Басты сөздер: Нұр-Сұлтан, Дін, Оқиға,
Жоғары қарай