Ауа райы
Астана -6 °С
Алматы 2 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Елордада жас волонтерлерге 300 мың теңгеден шағын грант берілді

2020 жылдың 8 қазан 2020 17:33

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада «Волонтерлік бастамаларды қолдауға арналған шағын гранттар» конкурсының жеңімпаздары марапатталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шағын гранттар байқауына 14-29 жас аралығындағы жастар мен бастамашыл топтар, үкіметтік емес ұйымдар қатысқан.

«Бүгін волонтерлардың бастамасын қолдау мақсатында гранттар ұйымдастырған болатынбыз. Комиссия қыркүйек айында өтті, оның құрамында білікті волонтерлер, волонтер-дәрігерлер, қоғам қайраткерлері болды. Онда елорда жастарынан келген 200-ге жуық жобалар қаралды. Бұл ретте волонтерлардың жеке жобасы емес, қоғамға пайдалы болуына мән берілді. Қарттарға көмек, экологиялық жанашырлық, жануарларға қарау сынды игі жобаларға бірінші назар аударылды», - деп Нұр-Сұлтан қаласы Жастар саясаты басқармасының басшысы Дәулет Кәрібек:

Байқауға қатысу үшін өтінім 10 қыркүйектен 1 қазанға дейін қабылданды. Оған 48 жас қатысып, 22 жоба үздік деп танылған.





«Нәтижесінде үздік деп танылған 22 волонтерлік ұйымға 300 мың теңгеден қаржылай көмек көрсетілді. Ол үшін 6 млн теңгеден астам қаражат бөлінді. Бұл қаржыны еріктілер тобы өздеріне қажет жарақтарды сатып алуға жұмсауы тиіс. Мысалы Қазақстанға танымал LIDER KZ волонтерлік ұйымы жоғалған адамды іздейді. Оларға тепловизор керек, дрон керек, 3 шақырымға дейінгі аралықта жұмыс істейтін рация керек. Кей еріктілер әлеуметтік аз қамтылған, көпбалалы отбасылардың үйіне барып, сабақ оқуға көмектеседі. Жастар мен балаларды компьютерлік графикаға, дизайнерлікке оқытатын ұйым бар. Таксилерге арналған қосымша сынды түрлі айти шешімдер болды. Оларға, мәселен, компьютер керек. Сондай қажет бұйымдарын алады. Алдағы уақытта да осы грант аясында еріктілер өзінің игі істерін жүзеге асырады деп ойлаймын», - деді Дәулет Кәрібек.





























Жоғары қарай