Ауа райы
Астана -9 °С
Алматы -3 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Елордада «Жасыл ел» жасағына тартылған 120-дан астам адам ағаштарға күтім жасайды

2020 жылдың 17 шілде 2020 11:27

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Жасыл ел» еңбек жасағына орналастырылған 120-дан астам адам қаланың жасыл белдеуіндегі ағаштарға күтім жасайды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Нұр-Сұлтанның жасыл белдеуі – Қазақстан астанасының айналасында жаппай орман өсіру жобасы. «Астана орманы» ЖШС-де жастар қала маңындағы жасыл белдеуде (оның 11 502,2 гектарына екпе ағаштар отырғызылған) және қала аумағында еңбек етуде. Олар 275 350 дана тал мен көшеттерді – сүйелді қайың, ұсақ жапырақты шегіршін, қарағай, көде, боз жиде, терек ағаштары мен көшеттерді қопсыту және суарумен айналысады. Бұл ағаштарға күтім жасау арқылы жастар табиғат пен қала келбеті үндестік тапқан бірегей экожүйенің қалыптасуына өз үлестерін қосып келеді. «Астана орманы» ЖШС мекемесінде жастар 90 мың теңге жалақыға қоса «Жасыл ел» жобасынан арнайы бөлінген 35 394 теңге сыйақыға ие болып, өз еңбектерін жалғастыруда», – деді қалалық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Дәулет Кәрібек.




Қазіргі уақытта «Жасыл ел» жобасы аясында үш санаттағы жастар жұмыс жасайды. Атап айтқанда, 14 пен 17 жас аралығындағы көп балалы және аз қамтылған отбасы балалары, 17 мен 22 жас аралығындағы студенттер және 18 бен 29 жас аралығындағы жұмыссыз жастар қамтылып отыр.
























Жоғары қарай