Ауа райы
Астана 5 °С
Алматы 11 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Елордада «Жасыл ел» жобасы бойынша мыңнан аса жастар жұмысқа орналасты

2020 жылдың 12 тамыз 2020 01:34

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордада «Жасыл ел» жобасы бойынша жарты жылда мыңнан аса жастар жұмысқа орналасты. Жұмыс барысында санитарлық талаптар қатаң сақталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі .

Елорда әкімдігінің мәліметіне қарағанда, «Жасыл ел» жобасы аясында жастар 3 санат бойынша жұмыс істейді. Атап айтқанда, 14-17 жас аралығындағы көпбалалы және аз қамтылған отбасыға жататын балалар, 17-22 жас аралығындағы колледж, ЖОО студенттер және үшінші ересек топ – жұмыссыз жастар санатындағы 18-29 жастағы азаматтар.

Елорданың Жасыл белдеуінде 120-дан астам жас жұмыс істейді. Олар қала маңындағы тал мен көшеттерді – қайың, ұсақ жапырақты шегіршін, қарағай, көде, боз жиде, теректерді қопсытумен және суарумен айналысады.




«Астана Орманы» ЖШС мекемесінде жастар 90 мың тенге жалақыға қоса «Жасыл ел» жобасынан арнайы бөлінген 35 394 тенге сыйақыға ие болып, жұмысын жалғастыруда.

Санитарлық қауіпсіздік талаптарын сақтау мақсатында жастардың бір жерге шоғырланып жұмыс істеуіне жол берілмейді. Таза ауада, ашық кеңістікте 2 метрден кем емес қашықтық сақтау қажет. Осы жобаға қатысушы жастар міндетті түрде маскамен, қолдарына қолғап киіп жұмыс істейді.




Айта кетсек, биыл елордада студенттік құрылыс және «Жасыл ел» еңбек жасағына 1200 жас қабылданды. Өткен жылы квота бойынша 975 адам жұмыспен қамтылған болатын.










Жоғары қарай