Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Елордада жеңіл атлетикадан халықаралық турнир өтеді

2021 жылдың 25 қараша 2021 14:34

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай елордада 2004-2005 жылы туған ұлдар мен қыздар арасында жеңіл атлетикадан ашық халықаралық турнир өтеді. Бұл жайында Нұр-Сұлтан қалалық жеңіл атлетика федерациясынан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Федерация мәліметінше, турнирдің басты мақсаты – елімізде жеңіл атлетиканы кеңінен насихаттау, спорттық резервті дайындау және Нұр-Сұлтан қаласы мен еліміздің ұлттық құрама командасына түрлі халықаралық жарыстарға қатысуға үміткерлерді анықтау.

Турнирге Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан елдерінен 150-ден астам спортшы қатысады. Сондай-ақ Қазақстанның басқа өңірлерінен де спортшылар келеді.

Спортшылар жеңіл атлетиканың бірқатар түрлері бойынша жарысқа түседі. Атап айтқанда: 60 метрге жүгіру, 60 метрге кедергімен жүгіру, 200, 400, 800, 1500, 3000 метрге жүгіру, 3 000 метрге спорттық жүріс, ядро лақтыру, биіктікке секіру, ұзындыққа секіру, үш қарғып секіру, эстафеталық 4х200 метр, 12 жеке түр + 1 эстафета және 4х200 метрге аралас эстафета.

Жарыстар 26-27 қараша аралығында елордадағы «Qazaqstan» жеңіл атлетика спорт кешенінде өтеді.


Автор Марлан Жиембай
Басты сөздер: Спорт, Нұр-Сұлтан,
Жоғары қарай