Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Елордада жеңіл көлік жасөспірім баланы қағып кетті

2021 жылдың 19 мамыр 2021 18:40

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 27 жастағы «Chevrolet Nexia» автокөлігінің жүргізушісі Асан Қайғы көшесінің қиылысында кәмелетке толмаған 2012 жылғы жаяу жүргіншіні қағып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат қалалық Пд баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Оқиға 18 мамыр күні сағат 21:57-де орын алған. Жүргізуші Тархан көшесінің бойымен Брусиловский көшесі жағынан келе жатқан, ал жаяу жүргінші белгіленген жерде жолдың солдан оңға қарай бұрылатын тұсынан жүгіріп өтпек болған. Жол-көлік оқиғасы салдарынан кәмелетке толмаған жаяу жүргінші ауруханаға жеткізіліп, дәрігерлердің қарауынан кейін үйіне жіберілді» делінген хабарламада.
Аталған факті бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.
Бұл оқиғаны zhaloby.astana парақшасында куәгерлер де бөліскен еді.
Полиция департаменті Нұр-Сұлтан жүргізушілерінен қозғалыс кезінде барынша мұқият болуды, жылдамдық режимін, қауіпсіз қашықтықты және маневр жасау ережелерін мүлтіксіз сақтауды сұрайды.

Басты сөздер: Нұр-Сұлтан, Көлік, Оқиға,
Жоғары қарай