Ауа райы
Астана 25 °С
Алматы 27 °С
валюта бағамы
USD 411.54
EUR 458.13
RUB 5.84
CNY 57.64

Елордадағы блокпостта әскерилердің қызметі қалай жүріп жатыр

2020 жылдың 2 сәуір 2020 13:13

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордадағы карантиндік режимге байланысты қала айналасында алты блокпост қойылған.

Ол жерде әкімдік, полиция қызметкерлері, дәрігерлер, сондай-ақ ҚР Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері өздеріне жүктелген міндетті атқаруда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.




«ҚазАқпарат» агенттігінің тілшілері Павлодар тасжолы бойындағы №2 блокпостта болып, әскерилердің жұмысымен танысып келді.




Атап айтқанда, әрбір сарбазға тиісті міндет жүктелген, яғни олардың жұмысы бекеттің өзінде, сол жерде тұрған әскери техниканың маңына шоғырланған. Сонымен қатар кейбір әскерилер сарбаздарға арналған шатырды жылыту жұмыстарына тартылған.

Жауынгерлерге қолайлы жағдай жасау мақсатында блокпосттың жанында арнайы шатыр құрылған.




68/665 әскери бөлімі бригада командирінің орынбасары Ғалымжан Жұмабаевтың сөзіне қарағанда, кезекшілік үш ауысымда өтіп жатыр.

«Біздің 68/665 әскери бөліміміз кезекшілігін атқаруда және оны үш ауысымда өткіземіз. Взвод командирі жауынгерлік кезекшілікті қамтамасыз етеді, яғни тұрақты бақылау бекітілген. Жеке құрамға барлық қажеттіліктер жеткізілген», - деді Ғ. Жұмабаев.

Осы орайда ол кезекшілік режімі тәулік бойы жүргізілетінін, әрбір үш тәулік сайын сарбаздар тобы басқасымен ауысатынын айтты. Қала маңындағы өзге блокпосттарда да әскерилердің қызметі дәл осылай ұйымдастырылған.




Айта кетейік, бригада командирі мен командирдің орынбасары күн сайын барлық блокпосттарда бақылау жүргізеді.

«Блокпосттарда қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету аясында Палодар бағытында №2 бекет орнатылған. Біздің мақсат – тәртіпті қамтамасыз етуде Ішкі істер министрлігі қызметкерлеріне көмек көрсету», - деді штаб басшысы, арнайы мақсаттағы «Алдаспан» десанттық-шабуылдаушы батальонының десанты Жасұлан Бейсенбекұлы.

Сонымен қатар сараздар жеке құрамға арналып құрылған шатырдың тыныс тіршілігмен таныстырды. Оның ішінде тәрбиелік әрі идеологиялық жұмыс бұрышы, тамақтану орны, дезинфекциялық бұрыш, демалу орны жасақталған.






































Жоғары қарай