Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Елордадағы бокс кеші: Тағы бір қазақ боксшысы өзбекстандық қарсыласын тізе бүктірді

2021 жылдың 18 желтоқсан 2021 19:50

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы Jekpe Jek сарайында өтіп жатқан кәсіпқой бокс кешінің тағы бір жекпе-жегі отандасымыздың жеңісімен аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Айдар Әмірзақов (Қазақстан) пен Дильшодбек Исроилов (Өзбекстан) арасындағы кездесудің алғашқы екі раунды аңдысумен өтті.

Қалған екі раундта шаршы алаң иесінің соққылары көздеген жеріне дөп тиіп жатты.

Төрешілердің шешімі бойынша Айжар Әмірзақов 37:39 есебімен жеңіске жетті.

Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгінгі бокс кеші «Хабар» телеарнасының тікелей эфирінен көрсетіледі.

Еске сала кетейік, кештің басты айқасында Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов пен аргентиналық Хуан Эрнан Леал жартылай орта салмақтағы IBO чемпиондық белбеуіне таласқа түседі.

Жалпы, кеш аясында Қазақстанның 14 (13 жұп) боксшысының өнерін тамашалауға болады.


Автор Есімжан Нақтыбай
Басты сөздер: Спорт, Бокс, Нұр-Сұлтан,
Жоғары қарай