Ауа райы
Астана -2 °С
Алматы 3 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Елордадағы «бүкір көпір» опырылып құлады

2020 жылдың 20 қыркүйек 2020 15:05

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елорданың Алаш тас жолы бойындағы «бүкір көпір» аталып кеткен көпірдің бір жақ шеті опырылып құлады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Нұр-Сұлтан қалалық төтенше жағдайдар департаментінің мәліметіше, көпірдің құлағаны туралы ақпарат бүгін таңертеңгі сағат 04-50-те түскен. Оқиға орнына мән-жайды анықтау үшін ТЖД мамандары аттанған. Нәтижесінде «ҚазақЖолҚұрылыс» ЖШС-ның көпірді бөлшектеу жұмыстары барысында темір-бетон арқалықтың темір жолдың үстіне құлағаны анықталған.





«Оқиға орнында жолды тазалау, көпірді бөлшектеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Пойыз қозғалысында іркіліс жоқ. Көпір үстімен машиналардың жүруіне тек сол жақ бөлігі ғана жабылған. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ», - деп атап өтеді департаменттен.





Жоғары қарай