Ауа райы
Астана -6 °С
Алматы -3 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Елордадағы карантин туралы қаулыға тағы да өзгерістер енгізілді

2020 жылдың 25 қазан 2020 03:17

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Ж. Пралиева елордада карантин талаптары туралы қаулысына өзгерістер енгізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қаулыға сәйкес, елордадағы «Ailand» отбасылық демалыс орталығының жұмысын, атап айтқанда «Джунгли» аниматроникстер театры мен Океанариумның жұмыс істеуі галереялар типі бойынша жұмысты қамтамасыз ете отырып, әр аймаққа 10-нан артық емес келушілерге бір уақытта бару, театрлық қойылымдар өткізуге тыйым салу, сондай-ақ «Хан Шатыр»СОО-да орналасқан «SkyBeachClub» жағажай клубының су аттракциондарынсыз бассейндердің жұмыс істеуіне қатысты, су аттракциондары жоқ бассейндер, су аттракциондары жоқ бассейндердің жұмыс істеуі бөлігінде жобалық қуаттың 50% -ынан аспайтын, бір адамға 4 м2 санитарлық-эпидемияға қарсы күшейтілген шараларды сақтай отырып, санитарлық-профилактикалық іс-шаралар жүргізу және жұмыс күндері штаттық режимде жұмыс кестесін белгілеу, демалыс және мереке күндері жұмыс істеуге тыйым салумен ұйымдастыру қарастырылған.

Сонымен қатар, қоғамдық тамақтану объектілерінің жұмысын (мейрамханалар, дәмханалар, барлар, асханалар) орналасқан жеріне қарамастан, ғимараттардың ішінде және жазғы алаңда 30-дан аспайтын отыратын орынның толуы бойынша шарттарды сақтай отырып, көрші үстелдердің шеткі орындары арасында кемінде 2 метр әлеуметтік қашықтықты және бір үстелде 4-6 адамнан аспайтын отыруды сақтай отырып, күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтаумен, жұмыс және демалыс күндері жұмыс кестесін сағат 9:00-ден 22:00-ге дейін белгіленді.

Қаулының толық мәтінін мына жерден көруге болады.

Еске салсақ, Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Ж. Пралиеваның 16 қазандағы жаңа қаулысы шығып, елордада шектеу және карантин шаралары қатаңдатылған еді.



Жоғары қарай