Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Елордадағы «Қазақмыс» ғимаратында өрттің неден шыққаны анықталды

2021 жылдың 22 қыркүйек 2021 16:01

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан «Қазақмыс» корпорациясы ғимаратында орын алған өрт оқиғасының алдын ала салдары аталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Кеше сағат 18:33-те «101» пультіне Тұран даңғылы 37 мекенжайында орналасқан әкімшілік бизнес орталығында өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті. Анықталғандай ғимараттың сыртқы қабырғасының қаптамасынан өрт шыққан. Алдын ала мәлімет бойынша өрт от жағу кезінде қауіпсіздік ережелерінің сақталмауынан орын алған. Оқыс оқиғаға қатысты іс Полиция департаментіне жіберілді. Бүгінде шығын көлемі анықталып жатыр. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ», - деді ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Өртке қарсы қызмет комитетінің басқарма төрағасы Ерлан Төрегелдиев ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Айта кетсек, кеше қалалық Төтенше жағдайлар департаменті Тұран даңғылының бойындағы ғимараттардың бірінен өрт шыққаны туралы хабарлаған еді.

Тілсіз жаумен күреске жеке құрамнан 44 адам мен 11 техника жұмылдырылған.


Жоғары қарай