Ауа райы
Астана 6 °С
Алматы 17 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Елордадағы «сақалды» құрылыстардың бірі  қайта жанданды

2020 жылдың 4 тамыз 2020 15:06

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Алты жүзден астам үлескер өз пәтерін күтуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновтің айтуынша, «Жағалау-4« тобының құрылысы қайта жанданды. «Жұмыстарды аяқтауға мемлекеттен қаражат бөлінді. Құрылыс соңғы төрт жылда тоқтап тұрған, себебі сот процестері болды. Нысанда құрылысшылардың бірінші тобы жұмыс жасап жатыр. Мұнда 600-ден астам үлескер бар», - деп жазды А. Көлгінов Инстаграмдағы парақшасында. Сонымен қатар, қала әкімі таңертеңгілік аралау барысында бірқатар әлеуметтік тұрғын үй құрылысының барысымен танысты (Е34, Е45 және Е18; Е32, Е33 және Е18 жобалық атаулары бар көшенің қиылысы). «Құрылыс қарқынын арттыруды тапсырдым. Жұмысшылар мен техниканың санын көбейту қажет. Бастысы санитария нормаларын қатаң сақталу керек,» - деді қала әкімі.












Басты сөздер: Нұр-Сұлтан, Құрылыс, Тұрғын үй,
Жоғары қарай