Ауа райы
Астана 11 °С
Алматы 26 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Елордадағы супермаркеттің бірінде пышақ ұстаған әйел жұртты шошытты

2020 жылдың 11 шілде 2020 12:35

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордадағы супермаркеттің бірінде пышақ ұстаған әйел жұртты шошытқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«10 шілде күні сағат 18:00-де Самал шағын ауданындағы сауда үйінде белгісіз әйел қолына пышақ ұстап, келушілер мен қызметкерлерге былапыт сөздер айтқан және азық-түліктерді шашып, сөрелерді қиратқан», - деп атап өтті ведомстводан.

Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері бұл фактіні растады. 1990 жылғы сотталған әйел ұсталу кезінде полицейлерге қарсылық көрсеткен. Ол полиция басқармасына жеткізілді, қазіргі таңда тексеру жүріп жатыр.



Авторы: Серік Сабеков


Басты сөздер: Оқиға, Нұр-Сұлтан,
Жоғары қарай