Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Елордадағы тұрғын үйдің кіреберісінен картиналар ұрланды

2021 жылдың 15 сәуір 2021 14:24

НҰР-СҰЛТАН ҚазАқпарат – «102» каналына Ғабдуллин көшесіндегі үй тұрғыны хабарласып, белгісіз адамның үй кіреберісінің алтыншы қабатынан төрт сурет ұрлағанын жеткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Тұрғындардың айтуынша, суреттер ұзақ уақыт бойы үйдің сәнін келтіріп, тұрғындар мен қонақтардың көз қуанышы болған.

Нұр-Сұлтан қаласы ПД «Байқоңыр» ауданы полиция басқармасы криминалды полиция қызметкерлері жүргізген шаралар барысында 33 жастағы елорда тұрғыны ұсталды. Күдікті бұдан бұрын да ұрлық жасағаны үшін бірнеше рет сотталған болып шықты.

Күндіз танысына қонаққа келген ер адамның қабырғада ілініп тұрған суреттерді көргенде оған деген қызығушылығы оянған. Ол суреттерді алып, жасырынады. Жолда суреттің бірін кетіп бара жатқан адамға сатып та үлгерген.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктінің қала аумағындағы басқа ұқсас қылмыстарға қатысы анықталып жатыр.


Басты сөздер: Қылмыспен күрес, Нұр-Сұлтан,
Жоғары қарай