Ауа райы
Астана 19 °С
Алматы 23 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Елордадағы «Жасыл квартал» тұрғын үй кешенінде өрт шықты

2019 жылдың 30 желтоқсан 2019 22:24

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Өрт сөндірушілер тілсіз жауды уақтылы ауыздықтап, 5 адамды қауіпсіз жерге көшірген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгін сағат 20.08-де елордадағы Е-10 көшесі 17Е мекенжайындағы үйдің (1 9 қабатты « Жасыл квартал»жеке тұрғын үйі кешені) өртенгені туралы хабарлама келіп түсті. Өрт сөндірушілер келгенше 9 қабаттағы пәтерде 20 шаршы метр аумақта үй заттары мен жиһаздардың өртенгені анықталды. Тілсіз жау 21.01 уақытында ауыздықталды», - деп хабарлайды қалалық ТЖД баспасөз қызметінен.

Өрт сөндірушілер 5 адам, оның ішінде бір баланы қауіпсіз жерге көшірген. Қазіргі уақытта өрттің себебі анықталып жатыр. Зардап шеккендер немесе жарақат алғандар жоқ. Өртті сөндіруге жеке құрамнан 30 адам мен 7 арнайы техника, сонымен қатар Апаттық медицина орталығы мен 102, 103 қызметтері жұмылдырылды.


Жоғары қарай