Ауа райы
Астана 3 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 435.54
EUR 473.08
RUB 5.76
CNY 61.64

Елордалық бірнеше әйелге несие алдырған алаяқты полиция Алматыда ұстады

2019 жылдың 8 тамыз 2019 15:40

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Астаналық полицейлер әйелдерді алдап ақшаларын иемденіп, аттарына несие рәсімдеуге көндірген алаяқты ұстады, депа хабарлайды Нұр-Сұлтан қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

4 дерек бойынша күдікті ретінде ұсталған ер адам әйелдердің сеніміне кіріп, олардан қомақты ақша, машиналарын иеленген. Сонымен қатар әйелдерді «бизнесіне» көмек сұрап, аляқтық жолмен оларға несие алдырған.

«Полиция департаментінің қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында елордада әйелдерді алдап бірқатар алаяқтық жасаған 34 жасар Т.-деген азаматты Алматы қаласында қолға түсірді. Ол бір жәбірленушіні алдап, алты миллион теңгесін жымқырған. Онымен қоймай бірнеше әйелмен көңіл жарастырып, тіпті бірге де тұрған», делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта ер адам Алматы қаласының Тергеу изоляторына қамалды, тергеу іс-шаралары жүргізілгеннен соң елордаға этаппен жеткізіледі.

Сонымен қатар, күдікті былтыр автокөліктен ұрлық жасап, құны 360 мың тұратын алтын білезікті қолды қылған.

Қазір тергеу жүргізілуде. Күдіктінің басқа да қылмысқа қатысы бар екендігі тексерілуде. Осыған байланысты елорданың Полиция департаменті ұсталған азаматтың қылмыстық әрекетінен зардап шеккендер болса астаналық полиция департаментіне арыздануды немесе мына телефондарға: 8(7172)71-60-22, 71-63-29; 102 хабарласуын сұрайды.

Жоғары қарай