Ауа райы
Астана 2 °С
Алматы 2 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Елордалық «Номад» араға бір жыл салып хоккейден Қазақстан чемпионатына оралды

2020 жылдың 17 қыркүйек 2020 17:29

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордалық «Барыс» командасының фарм-клубы қазақстандық чемпионатқа бір жыл қатыспай, қайта оралды, деп хабарлайды ҚазАқпарат SPORTINFORM ресурсына сілтеме жасап.

2019-2020 жылдар маусымында «Номад» Жоғары хоккей лигасында алғаш рет ойынға қатысты. Өкінішке қарай, команда ЖХЛ-ға қатысқан алғашқы жылы плей-оффқа шыға алмады. Елордалық ұжым 14-ші орыннан көрініп, маусымды мерзімінен бұрын аяқтаған.

Юрий Михайлис «Барысқа» кеткен соң «Номадтың» бас жаттықтырушысы қызметіне Александр Высоцкий тағайындалды. Ол клуб жүйесінде 2013 жылдан бері қызмет атқарып, көптеген ойыншылармен жақсы таныс.

Команда өткен маусымның үздік шабуылшысы Талғат Жайлауовпен, сондай-ақ, үздік снайпер Валентин Разумнякпен қоштасты. Алайда ұжымның негізгі құрамы сақталып қалған.

Бірнеше жылдан бері «Номадтың» нақты көшбасшысы жоқ. Сондықтан оның кез келген ойыншысы нәтижеге қол жеткізу арқылы команда көшбасшысы бола алады. Мұнда жаңа деңгейге бірінші команданың есігін қағып тұрған жас хоккейшілер шығуы тиіс. Ал киім шешетін бөлмедегі атмосфераға көпжылғы капитан Мадияр Ыбрайбеков жауап береді.

«Номад» ЖХЛ-ға өткен соң үш маусым бойы ұлттық біріншілік финалына өтіп, бір рет алтын медаль жеңіп алған. Команда ең үздік нәтижеге қол жеткізуді көздеп отыр.


Басты сөздер: Спорт, Нұр-Сұлтан,
Жоғары қарай