Ауа райы
Астана 7 °С
Алматы 21 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Елордалық оқушыларға 40 мың теңгеден көмек берілмек

2020 жылдың 12 тамыз 2020 20:55

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгінов жаңа оқу жылына дайындық жайында айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мектептердің дайындығымен айналысудамыз. Әрине, оқыту шаралары балаларға, педагогтарға қауіпті болмас үшін қашықтан оқыту арқылы іске асырылады. Бізде 200 мыңнан астам оқушы бар. Алайда бастауыш сынып оқушыларына кезекші сыныптар ашылады. Бірінші сыныпқа 25 мыңға жуық бала барады», - деді елорда әкімі «Astana» телеарнасына берген сұхбатында.

Оның сөзіне қарағанда, 1,5 миллионға жуық оқулық сатып алынды. Оған 2,3 миллирд теңге бөлінді. Кітаптардың басым бөлігі жеткізілді.

Сонымен қатар, табысы аз отбасылардың балаларына мектеп формасын алып беру көмегі жасалады. Өткен жылы мектеп құралдарын сатып алуға бөлінген сома 30 мың теңге болды. Биыл ол 40 мың теңгеге дейін артты.

Әкімдік мәліметінше, егер отбасында 3-4 баладан болса, онда әр балаға 40 мың теңгеден бөлінеді. Бұл мақсатқа бюджеттен 680 млн теңге ескерілген, бұл өткен жылмен салыстырғанда екі есе көп. Сонымен қатар, аз қамтылған отбасыларға басқа да әлеуметтік көмек көрсетіледі.


Жоғары қарай