Ауа райы
Астана -8 °С
Алматы -7 °С
валюта бағамы
USD 377.19
EUR 408.99
RUB 5.93
CNY 54.02

Елордалық полиция Арыс тұрғындарына 12 миллион теңге қаржы аударды

2019 жылдың 2 шілде 2019 17:57

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордалық полиция Арыс қаласының тұрғындарына көмек ретінде 12 миллион теңге қаржы аударды, деп хабарлайды қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

«Нұр-Сұлтан қаласының полиция қызметкерлері Түркістан облысы Арыс қаласының тұрғындарына көмек ретінде бір күндік жалақыларын аударды. «Түркістан» корпоративтік әлеуметтік даму қорына Арыс қаласында орналасқан әскери оқ-дәрі қоймасындағы алапат жарылыстан зардап шеккен тұрғындарға көмек көрсету мақсатында 12 миллионнан астам қаржы аударылды. Арыста болған жағдай елордалық полиция қызметкерлерін бейжай қалдырған жоқ. Қиын жағдайға тап болған Отандастарымызды қолдау - біздің азаматтық борышымыз» делінген хабарламада.

Жоғары қарай