Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Елордалықтар Олимпиадаға аттанған спортшыларға қолдау білдірді

2022 жылдың 30 қаңтар 2022 19:45

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордалықтар Бейжіңге аттанған Қазақстанның Олимпиадалық құрамасына қолдау көрсетуде. Жас спортшылардан бастап, әлем таныған тұлғаларға дейін жылы лебізін білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Төрткіл дүние көз тіккен ақ Олимпиаданың басталуына санаулы күндер қалды. Ел құрамасының саңлақтары қазір Олимпиада қалашығында жарыс алдындағы жаттығуын пысықтап жатыр. Ұлттық құрама мүшелері бұған дейінгі жолдама үшін болған сайыстарда үздіктер көшін бастады. Ел сенімін арқалаған отандастарымыз Олимпиада ойындарында жоғары нәтиже көрсетіп, жеңіс тұғырынан көрінеді деп сенеміз.

«Ақ Олимпиаданың басталуына санаулы күндер қалды. Лицензия ұтып алған спортшыларымыздың бәрін құттықтағым келеді. Олимпиадашыларға енді бастаған ісін соңына дейін жеткізіп, жеңіс тұғырынан көріну ғана қалды. Біз сіздерге сенім артамыз. Алдағы сында тек жеңіс тілейміз», – деді ауыр атлетикадан әлем чемпионы Илья Ильин.

XXIV қысқы Олимпиада қазақ спортының тарихында алтын әріппен жазылары сөзсіз.

Алты құрлық алдына айбынымыз асқақ, абыройымыз биік болғай! Спортшыларға сәттілік тілейміз! Алға Қазақстан!


Жоғары қарай