Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Елорданы көгалдандыру стратегиясы әзірленеді

2021 жылдың 25 мамыр 2021 19:33

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бюджет қаржысын тиімді жоспарлап, жұмсау мақсатында Нұр-Сұлтан қаласын көгалдандырудың стратегиясын әзірлеу ұсынылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Нұр-Сұлтан қаласын көгалдандыру мен көшет отырғызу бойынша, сондай-ақ бюджет қаржысын тиімді қолдануға арналған аудиттің қорытындысы шығарылды. Оған сәйкес, елорданы көгалдандырудың құжаттамалық стратегиясын әзірлеу керектігі анықталды. Стратегиялық құжат қысқа және ұзақ мерзімді қамтуы тиіс», - деді Нұр-Сұлтан қалалық ревизия комиссиясының төрағасы Иманжүсіп Ақпомбаев елорда мәслихатының тұрақты комиссия отырысында.

Оның айтуынша, жоғарыда аталған құжаттың жоқтығы бюджет қаржысын тиімсіз жоспарлауға алып келді.

Бұған дейін қалалық қаржы басқармасының басшысы Әліби Жұмаев 2020 жылы елорданың бюджет кірісі артығымен орындалғанын мәлімдеген болатын.


Жоғары қарай