Ауа райы
Астана 19 °С
Алматы 26 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Елорданың бас имамы Ораза айтты үйде қарсы алуға шақырды

2020 жылдың 23 мамыр 2020 16:20

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ертең мұсылмандардың ең маңызды мерекелерінің бірі басталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Нұр-Сұлтан қаласының бас имамы ҚМБД мәлімдемесіне сәйкес, Ораза айт мерекесін карантин жағдайында барынша сақтық шараларын сақтап, үйде қарсы алуға шақырды.

«Қадірменді елордалықтар, Алла тағала баршамыздың Рамазан айында ұстаған оразамызды қабыл етсін. Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының мәлімдеуінше, биылғы Айт мейрамы мамырдың 24-не сәйкес келіп тұр. Бірақ өкінішке қарай, ел карантин жағдайында болғандықтан кеңінен атап өте алмаймыз. Әрбір мұсылман індеттің өршіп кету қаупі болғандықтан сақтық шараларына жіті мән беру қажет. Барынша отбасымызбен, үйде бірге өткізгеніміз дұрыс болады. Айтта туған-туыстарымызды, жақындарымызды құттықтау - мұсылманның міндеті. ҚМБД мәлімдемесіне түсіністік танытып, үйде болуыңызды сұраймыз», – дейді елорданың бас имамы өз құттықтауында.

Оның сөзіне сенсек, айт намазын оқи алмаған адам, оның орнына «Уад-духаа» намазын оқиды.

«Алла Рамазан айында жасалған ізгі амалдарымызды, ұстаған оразаларымызды қабыл еткей. Еліміздің тұғырын биік қылғай» деп түйіндеді елорданың бас имамы.



Жоғары қарай