Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Елорданың іргесін қалаушылар астанада бас қосты

2021 жылдың 10 желтоқсан 2021 19:15

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін Нұр-Сұлтан қаласының төрінде астананың негізін қалаған азаматтардың кездесуі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бас қосуға қала әкімі Алтай Көлгінов, елімізге еңбегі сіңген архитектор, «Ақмоластрой» ЖШС директоры Серік Рустамбеков, кезінде Астана қаласы әкімдігінің басшылық қызметтерінде болған белгілі қоғам қайраткері, композитор Төлеген Мұхамеджанов және Фарит Ғалымов, Еуразия телеарнасы бас директорының орынбасары Светлана Жалмағамбетова, Еуразия медициналық қауымдастығының вице-президенті Надежда Петухова және тағы басқа тұлғалар қатысты.

Елордадағы ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасында бас қосқан қонақтар, кітапхана ішіндегі музейді аралап, оның жұмысымен танысты.

Кітапхана 2013 жылы британдық танымал сәулетші Норман Фостердің жобасы бойынша бой көтерген болатын.

«Сіздерді ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы кітапханасында көргенімізге қуаныштымыз. Оның үстіне бүгін елорда тарихы үшін айтулы дата. Бүгінгі мақтан тұтатын астанамыздың негізін сіздер қаладыңыздар. Жалпы бұл ғимаратта Елбасы кітапханасы мен музей орналасқан және ол өткен жылдың аяғында қолданысқа берілді. Ғимарат 3 қабаттан тұрады және 40 мың шаршы метрді құрайды. Мультимедиялық музей бірнеше бөлімнен тұрады.

Екінші қабатта 2 мың адамға арналған үлкен зал орналасқан. Бүгін түске дейін ол жерде билік басшыларының қатысуымен концеренция өтті. Зал заманауи түрде жабдықталған.

Ал үшінші қабатта жұмыс кеңселері, коворкинг, балаларға арналған білім беру және шығармашылық орталықтар бар», - деді ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының директоры Бақытжан Темірболат.

Еске сала кетсек, 1997 жылы 10 желтоқсан күні Қазақстан Республикасының астанасы Алматы қаласынан Ақмола қаласына көшірілді.







































































Жоғары қарай