Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Елорданың мас тұрғыны көлік айдап кетіп, жол апатына түсті

2022 жылдың 29 қаңтар 2022 19:10

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елорда полициясы өзгенің көлігін айдап кетіп жол апатын жасаған қала тұрғынын қолға түсірді. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ведомство мәліметінше, бүгін таңғы сағат 04:30-да елорданың полиция қызметкерлері мас күйде «Chevrolet Cobalt» маркалы автомобильді айдап кетіп, жол-көлік апатын жасаған қала тұрғынын ұстады. Күдікті түнгі клубтан шыққан кезде оталып тұрған көлікті көріп айдап кеткен. Зардап шегуші машинасын оталдырып, бірнеше минутқа ғимараттың ішіне кірген.

«Құқық бұзушы автомобильді айдап кеткеннен кейін Иманов пен Рахымов көшелерінің қиылысында жол-көлік апатын жасап, минивэн машинасын соққан. Күдікті бірден ұсталды, ол 35 жастағы қала тұрғыны болып шықты. Оның орташа деңгейде алкогольге мас болғаны анықталды. Бұл жайт медициналық куәландыру нәтижесі көрсетті. Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодекстің 200-бабымен сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр», - деп атап өтеді департаменттен.

Сондай-ақ тағы бір елорда тұрғыны полицияға жүгініп, кеше сағат 22:45-те Пушкин көшесі бойындағы үйдің ауласында оталып тұрған «Daewoo Nexia» көлігін белгісіз біреудің айдап кеткеніне шағымданған. Полиция қызметкерлерінің жедел іздестіру іс-шарасы барысында бұрын сотталған 29 жастағы күдікті ұсталды. Аталған факті бойынша да ҚР Қылмыстық кодекстің 200-бабымен сотқа дейінгі тергеу басталды.


Жоғары қарай