Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Елорданың президент саябағына 300 түп сакура егілді

2022 жылдың 13 мамыр 2022 17:58

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтан қаласындағы президент саябағы аумағында енді Eurasian Resources Group-тің (ERG) аллеясы жапырақ жайып, жайқалады.

Жыл сайынғы «Ұлттық ағаш егу күні» экологиялық науқанын қолдау аясында бүгін «Орнықты даму» жер қорымен бірлесіп, ағаш ету шарасы өтті.

Экологиялық шараға ERG-дің астаналық кеңселерінің қызметкерлері мен олардың балалары, қоғамдық ұйым өкілдері мен журналистер, еріктілер қатысты.

– Сакура – Жапонияның символына айналған декоративті шие. Әлемде оның 200-ден астам түрі бар. Негізінен жылы жақта жақсы тамыр жаяды. Арасында суыққа төзімді түрлері де бар. Бүгін шиенің нақты сол түрінің көшеттерін ектік,- деді «Орнықты даму» жер қорының жетекшісі Алан Бесен.

– Көктемде сакураның гүлдеуі тіптен ерекше, әрі Қазақстан астанасының климатына әбден бейімделген. Мұны айтып отырғаным, біз әкімдікпен бірлесе отырып, бүгін егілген көшеттердің тамыр жайып, өсуіне жауаптымыз. Жерсініп кетуін бақылап отыратын боламыз -

Бұл Нұр-Сұлтан қаласындағы ERG-дің осымен үшінші аллеясы. Былтыр көктемде компания қызметкерлері Ұлттық кордиология орталығы аумағына кейін күзде «Ататүрік» саябағына бадам ағаштарын еккен болатын.




– Біздің ұзақмерзімді экологиялық стратегиямызда Топ кәсіпорындары орналасқан өңірлерді көгалдандыру да көзделген, - деді ERG қоршаған ортаны қорғау департаментінің директоры Талғат Төребеков.

– Тек биыл, көктем мен күзде Павлодар, Қарағанды, Қостанай және Ақтөбе облыстарында, Шымкент, Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларында жалпы саны 100 000 түп тал егу жоспарланған.

ERG-дің Экологиялық стратегиясы аясында 2025 жылға дейін Топ кәсіпорындар орналасқан өңірлерде 420 000 тал егіледі. Жобаға жоспарланған жалпы инвестиция – 1,5 млрд теңгеге жуық.

– Шыбық шаншып, ағаш егу – қалыптасқан игі дәстүрлердің бірі, - деді Алан Бесен.

– Мұндай шаралар түрлі маңызды себептер: ерекше ескерілетін даталар, жалпы қалалық мерекелер, жалпы қазақстандық сенбіліктер аясында тұрақты түрде ұйымдастырылады. Жыл сайын игі шараға үлес қосқысы келетін астаналықтар саны артып келеді. Елорданы жайқалтып, бас қаланы жасыл желекпен көмкеруге үлес қосып жатқан әр адамға алғыс айтамын!




Естеріңізде болса, «Орнықты даму» жер қорының бастамасымен 2014 жылдың сәуір айында алғашқы «Ұлттық ағаш егу күні» өтті. Шараның мақсаты – ормандарды қалпына келтіріп, қалаларда жасыл аймақтарды абаттандыру, жұрттың экологиялық сауатын арттырып, Қазақстанның жасыл қорын нығайту жобаларына бизнестің ресурстарын жұмылдыру.





Басты сөздер: Экология, Нұр-Сұлтан,
Жоғары қарай