Ауа райы
Астана 17 °С
Алматы 31 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Елорданың тәртіп сақшылары 80 келі марихуана сатпақ болған күдіктіні қолға түсірді

2019 жылдың 8 желтоқсан 2019 21:16

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері елорда аумағына есірткі әкеліп, өткізумен айналысатын адамдарды ұстау бойынша жедел-іздестіру іс-шараларын өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат аталған ведомствоға сілтеме жасап.

«Жедел іздестіру іс-шаралары барысында Абылай хан даңғылының бойындағы тұрғын үй-жайға тінту жүргізу кезінде бұрын бірнеше рет сотталған 49 жастағы Жамбыл облысының тұрғыны ұсталды. Одан салмағы 80 келіден асатын «Марихуана» табылып, тәркіленді. Бұл 40 000 реттен астам қолдануға болатын дозаны құрайды», - деп хабарлайды қалалық полиция департаменті.

Хабарламада айтылғандай, күдікті аталған есірткіні сатпақшы болған.

«Аталған факті сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Қазіргі уақытта ұсталған адам уақытша ұстау изоляторына қамалды. Осы іске қатысы бар адамдарды анықтау және ұстау бойынша іс-шаралар жүргізілуде», - делінген хабарламада.

Жалпы жыл басынан бері елорда полицейлері 150 келіден астам түрлі есірткі құралдарын тәркілеген. «Есірткіні өткізу» бабы бойынша 73 және сондай-ақ түрлі есірткі құқық бұзушылықтары бойынша 370 қылмыстық іс қозғалды.

Жоғары қарай