Ауа райы
Астана -25 °С
Алматы -9 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Елорданың Тәуелсіздік даңғылында салынатын жаңа көпірдің эскизі жарияланды

2020 жылдың 28 қазан 2020 15:21

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Тәуелсіздік даңғылында жаңа көпір салынады. Ол Тәуелсіздік сарайынан Керей, Жәнібек хандар көшесіне дейін жалғасатын болады. Көпір Нұр-Сұлтан қаласындағы көлік қозғалысын айтарлықтай азайтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Әкімдіктің мәліметінше , жаңа көпірдің эскиздерін қалалық урбанистика орталығы әзірлеген.

Көпірдің жалпы ұзындығы - 910 м, ені – 36 м, шамдардың биіктігі - 5-тен 16 метрге дейін жетеді. Көпір шамдары масақ түрінде жасалады.

Жобаның негізгі идеясы тың жерлерді игеру тарихи оқиғасымен байланысты.

Көпірде орналасқан төрт баған ою-өрнектермен безендіріледі.




Көпірде тротуар және велосипед жолақтары да қарастырылған. Ол елорданың оң және сол жағалауын жалғайды.




Бұл құрылыс «Нұр-Сұлтан-жайлы қала» мастер–жоспары аясында жүргізілуде. Сонымен қатар, бұқаралық спортты дамыту үшін жаңа көпір астындағы қоғамдық кеңістік құрылады.

«Тәуелсіздік даңғылынан жалғасатын жаңа көпір елордамыздың тарихи өткенін бейнелейді. Көпір сол және оң жағалауды жалғап, әкімшілік орталықтан жаңа теміржол вокзалына дейін жол жүру уақытын қысқартып, жолаушылар ағынын жеңілдететіні маңызды», - деп атап өтті Нұр-Сұлтан қаласының урбанистика орталығының басшысы Елнар Базыкен.







Жаңа көпірдің құрылысы келесі жылға жоспарланған.


Жоғары қарай