Ауа райы
Астана 16 °С
Алматы 21 °С
валюта бағамы
USD 405.69
EUR 455.51
RUB 5.72
CNY 57.42

Елорданың теміржол вокзалдары жолаушылар тасымалына дайын ба

2020 жылдың 30 мамыр 2020 13:02

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті жолаушылар вагондары жəне Нұр-Сұлтан қаласындағы теміржол вокзалдарының пандемия жағдайында жұмыс істеуге дайындығын тексерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«ҚР ИИДМ Көлік комитеті төрағасының орынбасары Ж.Тайжанов «ҚТЖ» ҰК» АҚ өкілдерімен және тасымалдаушылармен бірге жолаушылар вагондарының жəне Нұр-Сұлтан қаласындағы теміржол вокзалдарының пандемия жағдайында тасымалдауды жүзеге асыруға дайындығын тексерді. Жалпы, көліктегі бас санитарлық дəрігердің нұсқаулары бойынша жолаушылар вагондарында жəне Нұр-Сұлтан қаласындағы вокзалдарда қажетті іс-шаралар жасалған», - делінген Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі таратқан ақпаратта.

Ведомство мәліметінше, «Нұрлы Жол» және «Нұр-Сұлтан-1» вокзалдарында жолаушылардың ағынын реттеу үшін шектеу ленталары тартылған. Ара қашықтықты сақтау белгілері орнатылды. Күту залдарында санитайзерлер орналастырылған. Əрбір жолаушылар вагондары гигиеналық сұйықтық жəне қорғаныс құрылғыларымен қамтылған.

«Жалпы, атқарылған іс-шаралар пандемия кезінде жолаушылар тасымалын максималды түрде қауіпсіз тасымалдауға мүмкіндік береді», - деді министрліктен.

Еске салайық, бұған дейін ел ішіндегі теміржол қатынасы 1 маусым күні қайта жанданатынын хабарлаған болатынбыз. Пойыз тасымалы үш кезеңмен қалпына келтіріледі.

ҚазАқпарат агенттігі вокзалдар мен пойыздардың қауіпсіздік шараларына шолу ұсынып, жолаушылар ескеруі тиіс мәселелерді атап өткен болатын.



Жоғары қарай