Ауа райы
Астана -5 °С
Алматы 4 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Елорданың жеке сектор тұрғындары үйлеріне газ кіргізіп жатыр - Алтай Көлгінов

2020 жылдың 24 қараша 2020 11:01

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елорданың жеке секторда тұратын тұтынушылары үйлеріне табиғи газды біртіндеп кіргізіп жатыр. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жеке секторда тұратын тұтынушылар үйіне табиғи газды біртіндеп кіргізіп жатыр. Қазіргі күні 5 мыңнан астам үй газбен жабдықтау жүйесімен қамтылған. Жыл соңына дейін 6 мың тұтынушыға жеткізуді жоспарлап отырмыз. Жеке секторлардағы үйлерге есепке алу құрылғылары тегін қарастырылған. Фронт-кеңселер жұмыс істеуде. Онда 3 мыңнан астам тұрғын газды қосу жолдары, техникалық қауіпсіздік мәселелері және басқа да сұрақтар бойынша кеңес алды. Бұл жұмыс қазіргі күні ары қарай жалғасып жатыр», - деді елорда әкімі.

Сонымен қатар қала басшысы ЖЭС-1, ЖЭС-2-де құрылғыларды алмастыру, желдеткіш және қорғау жүйелерін орнату сияқты жұмыстар жүргізіліп жатқанын айтты.

«Нәтижесінде су жылытатын 4 қазандыққа газ қосылды. Қазіргі уақытта қалған қазандықтарды газға алмастыру жұмыстары жалғасуда. Сонымен қатар қазандықтары автономды түрде жұмыс істейтін мектеп, балабақша, аурухана сияқты 19 әлеуметтік нысанды газға көшіру жұмыстары жүргізілу үстінде. Жалпы, газдандыру жобасы экологияны жақсартып қана қоймай адамдардың денсаулығына да оң әсерін тигізіп, жеке секторда тұратын елорда тұрғындарына қолайлы жағдай туғызады деген сенімдеміз»,- деді Алтай Көлгінов.


Жоғары қарай