Ауа райы
Астана 11 °С
Алматы 16 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Елжан Біртанов: Коронавирусқа шалдыққан 302 науқастың екеуі - 14 жасқа дейінгі балалар

2020 жылдың 30 наурыз 2020 19:28

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Коронавирус жұқтырған 302 науқастың ішіндегі екеуі – 14 жасқа дейінгі бала. Бұл туралы елдегі коронавирустық инфекция бойынша ағымдағы жағдай жайлы онлайн брифингте айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазіргі уақытта жалпы коронавируспен ауыратын 302 жағдай тіркелді. Оның басым бөлігі Нұр-Сұлтан қаласында – 169, Алматыда – 73, Атырау облысында –12, Қарағанды қаласында – 13, Алматы облысында – 8, Ақмола облысында – 8, Жамбыл облысында – 3, Шымкент қаласында – 2, Шығыс Қазақстан облысында – 2, Қызылорда облысында – 5, Батыс Қазақстан облысында – 2, Ақтау облысында – 2, Солтүстік Қазақстан облысында –1, Павлодар облысында –1, Маңғыстау облысында – 1 науқас тіркелді. 302 науқастың ішіндегі екеуі – 14 жасқа дейінгі бала. Науқастардың арасында 79-ы - басқа мемлекеттерден келіп ауырған азаматтар, 97 науқас - басқа аурулармен қарым-қатынаста болғандар және 131-і - осы елде ауырған, қайдан жұқтырғаны белгісіз науқастар», - дейді ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов.

Бүгіннен бастап мемлекеттік комиссия барлық өңір бойынша карантин шараларын күшейтуді тапсырды.


Жоғары қарай