Ауа райы
Астана 13 °С
Алматы 15 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Елжан Біртанов коронавирустан айыққан науқастар қалай емделгенін айтты

2020 жылдың 30 наурыз 2020 21:55

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Біз басқа мемлекеттермен апта сайын видеоконференция өткізіп, қажетті өзгерістер енгізіп жатырмыз. Бұл туралы онлайн брифингте ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Арнайы клиникалық, диагностикалық және емдеу протоколы бекітілген. Біз басқа мемлекеттермен апта сайын видеоконференция өткізіп, қажетті өзгерістер енгізіп жатырмыз. Халықаралық протокол арқылы пайдаланатын дәрілерді пайдаланудамыз. Вирусқа қарсы дәрі-дәрмек жеткілікті. 10 мың адамға арналған резервіміз бар» , - дейді ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов.

Ол шетелдік емханалардан көптеген ұсыныс түсіп жатқанын айтты.

«Шетелдік емханалардан, ғылыми-зерттеу институттардан көп ұсыныс түсіп жатыр. Көбі тексерілмеген, белгісіз дәрі-дәрмектер. Мұндай ақпараттарды біздің мамандар зерттеген соң ғана протоколға енгіземіз», - дейді ол.


Жоғары қарай