Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Елжан Біртановтың үйқамақ мерзімі ұзартылды

2021 жылдың 14 қыркүйек 2021 15:49

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанның бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың үйқамақта болу мерзімі тағы да ұзартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«2021 жылғы 14 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты Елжан Біртановты үйқамаққа алу мерзімін қылмыстық іс материалдарымен танысу кезеңінде сағат 08:00-ден 19:00-ге дейін тұрғын үйден шығу құқығымен 2021 жылғы 14 қарашаға дейін ұзартуды қаулы етті», - делінген Нұр-Сұлтан қалалық сотының хабарламасында.

Айта кетсек, Нұр-Сұлтан қалалық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы Елжан Біртановті үйқамақта ұстау бұлтартпау шарасын бұған дейінде күшінде қалдырған еді.

«Баяндалған деректердің негізінде, Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 55, 56, 151, 152-баптарын басшылыққа ала отырып, сот Елжан Амантайұлы Біртановқа қатысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасының мерзімін 2021 жылғы 14 маусымнан бастап 14 шілдені қоса алғанда есептелетін 9 айға дейін ұзарту туралы қаулы етті. Күдіктінің қорғаушылары мен адвокаттарының өтініштері қанағаттандырусыз қалдырылсын», - деген болатын тергеу сотының судьясы Ақмарал Исаева.

Еске салсақ, өткен жылы бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов қамауға алынды. Оған қатысты аса ірі көлемде бюджет қаражатын ысырап ету фактісі бойынша қылмыстық істі тергеліп жатыр.


Автор Әли Ибраев
Басты сөздер: Медицина, Сот, Нұр-Сұлтан,
Жоғары қарай