Ауа райы
Астана -8 °С
Алматы -8 °С
валюта бағамы
USD 377.19
EUR 408.99
RUB 5.93
CNY 54.02

Ең жоғары жалақыны қандай мамандар және өңірлер алады

2019 жылдың 3 қараша 2019 23:14

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Биылғы жылдың үшінші тоқсанында Қазақстанда бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 191 129 теңгені құрады. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Өткен жылдың сәйкес тоқсанымен салыстырғанда атаулы жалақы индексі 118,1%, ал нақты жалақы индексі 112,0% құрады.

Статистикалық мәліметке сәйкес, салалық құрылымда ең үлкен жалақыны қаржы және сақтандыру қызметінің мамандары алады – 484,6 мың теңге. Бұл, орташа республикалық деңгейден 2,5 есеге көп. Кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазуда - 418,0 мың теңге (2,2 есеге көп), кәсіби, ғылыми және техникалық қызметте – 334,1 мың теңге (1,7 есеге көп), құрылыс саласында 257,7 мың теңге (1,3 есеге көп) еңбекақы белгіленген.

Ең төменгі атаулы жалақы білім қызметкерлерінде – 122,1 мың теңге. Бұл, республика бойынша орта көрсеткіштен 36,1 % төмен.

Өңірлік бөліністе ең жоғары айлықты Атырау облысының тұрғындары алады – 361,5 мың теңге. Бұл, орташа республикалық көрсеткіштен шамамен 1,9 есеге көп. Түркістан облысында оның көлемі 122,8 мың теңгені құрады, бұл ел бойынша орташа деңгейден 35,8% төмен.

«Халықаралық стандарттарға сәйкес, бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы қосымша ақыларды, үстемақыларды, сыйақыларды, сондай-ақ салықтар мен басқа да ұстап қалынған сомаларды (табыс салығы, міндетті зейнетақы жарналарын) есепке ала отырып қалыптастырылады», - деді комитеттен.

Жоғары қарай