Ауа райы
Астана 6 °С
Алматы 11 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

«Еңбек» бағдарламасымен кәсібін дөңгелеткендер жылына 73 млрд теңгенің өнімін шығарып отыр

2020 жылдың 24 қыркүйек 2020 11:20

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Еңбек» бағдарламасы аясында кәсібін дөңгелеткендер жылына 73 млрд теңгенің өнімін шығарып отыр. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жаңа жұмыс орындарын құру бағытында «Еңбек« бағдарламасының шаралары 739 мың жұмыс орнын құруды қамтамасыз етті. Оның ішінде 153 мың тұрақты жұмыс орындары және 586 мыңы уақытша жұмыс орындары құрылды. Алғашқы толық үш жылда тұрақты жұмыс орындарының саны 7 есеге артты. 153 мың тұрақты жұмыс орны шағын несиелер мен гранттар беру арқылы жаңа кәсіпкерлерді қалыптастыру есебінен қамтамасыз етілді», - деді министр Мәжілістегі Үкімет сағатында.

Оның айтуынша, Еңбек« мемлекеттік бағдарламасының шағын несие беру шарттары өте жеңіл. Бағдарлама аясында жылдық мөлшерлемесі 6 пайызбен 7 жылға дейін 22 млн теңге алуға болады.

Кепілдендіру тетіктері де бар. Мұнан бөлек бағдарлама аясында 200 айлық есептік көрсеткіш немесе 555 мың теңге қайтарымсыз гранттар да қарастырылған.

«Грант табысы аз және көпбалалы отбасылардың мүшелеріне, қоныс аударушыларға беріледі. Алғашқы үш жылда шағын несие алушылардың саны 2,5 есеге, қосымша құрылған жұмыс орындарының саны 5 есе артқан. Жалпы бағдарламаға қатысушылар есебінен шағын және орта бизнес саласындағы жұмыспен қамту өсімі 11 пайызды құрайды. Олардың шығарған өнімдерінің көлемі жылына 73 млрд теңге көлемінде бағаланады», - деді Біржан Нұрымбетов.


Жоғары қарай