Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Еңбек қауіпсіздігі талаптарына сәйкестікті бақылауға арналған онлайн-платформа әзірленеді

2021 жылдың 15 маусым 2021 10:34

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Өңір әкімдіктері қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету бойынша Жол карталарын бекітуі тиіс. Мұндай тапсырманы бүгін Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету шараларын күшейту үшін біріншіден, Еңбек министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдармен және әлеуметтік әріптестермен бірлесіп, осы жылғы 1 желтоқсанға дейін жұмыс берушілер үшін еңбек қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігі бойынша өзін-өзі бақылауға арналған онлайн-платформа әзірлеуді және жұмыс берушілерді еңбек жағдайларын жақсартуға экономикалық ынталандыруды арттыру бойынша заңнаманы жетілдіру жөнінде Үкіметтің қарауына ұсыныстар енгізуді тапсырамын», - деді Асқар Мамин.

Үкімет басшысы екіншіден, Төтенше жағдайлар министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, осы жылғы 1 қазанға қауіпті өндірістік объектілерде авариялықты азайту бойынша жол картасын бекітуді тапсырды.

«Үшінші. Өңірлердің әкімдіктері өнеркәсіп орындарымен бірлесіп, осы жылғы 1 қыркүйекке дейін қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету бойынша Жол карталарын бекітсін. Сонымен қатар, кәсіпорындармен өндірістегі жазатайым оқиғалардан сақтандыру шарттарын жасау бойынша жұмыс жүргізсін», - деді Премьер-Министр.


Жоғары қарай