Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Еңбек министрі жұмыссыздық деңгейіне қатысты түсінік берді

2021 жылдың 14 маусым 2021 13:46

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов жұмыссыздық деңгейіне қатысты түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз қызметінде коронавирус індетінің таралуына байланысты жұмыссыздық деңгейі туралы сұрақ қойылды.

«Төтенше жағдай мен карантин кезінде кейбір өндірістерде жұмыс орындарын тоқтатуға туралы келді. Осыған байланысты азаматтар өздерінің жұмыстарын қойып, үйлерінде отыратын болды. Бұл тұрғыда мемлекет тарапынан ауқымды дағдарысқа қарсы бағдарлама қабылданып, тиісті жол картасы іске асырылды. Осының аясында былтырдың өзінде 239 мың жаңа жұмыс орны құрылды. Оның арасында уақытша әрі тұрақты жұмыс орындары бар. Бұл жұмыс орындарына тарту арқылы былтыр жұмыссыздықты 4,9 пайыз деңгейінде сақтауға мүмкін болды. Егер осы шаралар дер кезінде қабылданбаса, жұмыссыздық деңгейі жоғары болуы ықтимал», - деді С. Шәпкенов.

Оның айтуынша, қазіргі кезде елімізде жұмыссыздық 4,9 пайыз деңгейінде қалып отыр.

Сонымен қатар баспасөз мәслихатында жаз кезінде қанша адам жұмысынан айырылуы мүмкін деген сұрақ қойылды.

Өз кезегінде министр алдағы жазғы кезеңге жұмыссыздық көбеймейтінін, себебі қазір экономика қалпына келіп жатқанын және еңбек нарығына оңтайлы әсер етіп жатқанын айтты.

«Жазғы кезеңде жұмыспен қамтылу деңгейі артады. Бұл ретте ауыл шаруашылығы, құрылыс секілді жазда жанданатын дәстүрлі салалар бар. Сондықтан біздің министрлің жазғы кезеңде жұмыстан босату үрдірісін болжап отырған жоқ», - деді С. Шәпкенов.

Еске сала кетейік, Қазақстанда 2020 жылы жұмыссыздық деңгейі 4,9% құрады.

Бұған дейін хабаланғандай, Қазақстан пандемия кезінде қолдау шараларына 15 млрд доллардан астам қаржы бөлген.



Жоғары қарай