Ауа райы
Астана 9 °С
Алматы 7 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Еңбек министрлігі: 42 500 теңге төлемді тағайындауға өтініш қабылдау 17 шілдеден басталады

2020 жылдың 15 шілде 2020 23:16

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мессенджерлер мен әлеуметтік желіде таратылып жатқан «42 500 теңге» төлеміне өтінім қабылдаудың басталғаны туралы ақпарат жалған. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Мессенджерлер мен әлеуметтік желіде Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан 42 500 теңге мөлшерінде біржолғы төлемдерге өтінім қабылдау үшін сайттың іске қосылғаны туралы таратылған ақпарат шындыққа сәйкес келмейді.

Қазіргі уақытта ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі COVID-19 ауруына байланысты жағдайды тұрақтандыру үшін шектеу шараларының енгізілуіне байланысты кірісін жоғалтқан азаматтарға біржолғы төлемді жүзеге асыру қағидаларын әзірлеуде», делінген хабарламада.

Министрліктің баспасөз қызметінің мәліметінше, біржолғы төлемді тағайындау үшін өтініштерді 17 шілдеден бастап қабылдау жоспарланып отыр.

«Біржолғы төлемді тағайындауды 20 шілдеден бастау жоспарланып отыр. Азаматтардан жалған ақпаратқа назар аудармауын және ақпаратты тек ресми көздерден ғана алуын сұраймыз. Жалған ақпаратты тарату заң бойынша жазаланатынын еске саламыз», делінген хабарламада.


Жоғары қарай