Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Еңбек министрлігі жұмыссыз мәртебесін алу процедурасын жеңілдетті

2021 жылдың 28 тамыз 2021 17:26

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Еңбек министрлігі жұмыссыз мәртебесін алу процедурасын жеңілдетті. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ержан Біржанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Адам жұмыссыз ретінде тіркелуі үшін қосымша дәлел талап етілмейді. Олар Жұмыспен қамту орталықтарымызға онлайн немесе жеке куәлігімен оффлайн форматта жүгінеді. Біз оларды тіркеуге аламыз. Екінші форматы – Электронды еңбек биржасы сайты арқылы. Олар өтінім жібереді. Бірақ, электронды цифрлық қолтаңбаны қолдау қажет. Біз өз кезегінде ішкі салыстыру, тексеру жүргіземіз. Зейнетақы жинағына төлем жасады ма, еңбек қатынасында тұр ма тексереміз. Ішкі тексеруді өз күшімізбен жүргіземіз. Яғни, азаматқа жұмыссыз қалғандығын дәлелдеудің қажеті жоқ», - деді Ержан Біржанов ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбатында.

Оның айтуынша, бұрындары жұмыссызды есепке алу үшін 10 жұмыс күні қажет болатын. Бүгінде бұл процедура 3 жұмыс күніне дейін қысқарып отыр. Егер адам өтінімді аптаның басында берсе, онда апта соңына қарай ол жұмыссыз мәртебесін алады.


Жоғары қарай