Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Еңбекшіқазақ ауданына жаңа әкім тағайындалды - Алматы облысы

2021 жылдың 3 наурыз 2021 12:00

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысы әкімінің өкімімен Әлібек Әскербекұлы Жақанбаев Еңбекшіқазақ ауданының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әлібек Әскербекұлы Жақанбаев 1964 жылы туған. Қазақтың Еңбек Қызыл Ту орденді ауыл шаруашылығы институтын орман шаруашылығының инженері мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын Алакөл ауданы «Левобережный» кеңшарының жұмысшысы болып бастады.

Әр жылдарда Семей қаласында «Зеленстрой» шаруашылық есептегі учаскесі көгалдандыру бөлімінің агрономы, Алакөл ауданында Алакөл механикаландырылған орман шаруашылығының жұмысшысы, цех шебері, инженері, Үшарал орман шаруашылығында орманшы, бас орманшы, «Қаратал орманы» ММК Алакөл филиалының директоры, «Талдықорған ағаштары» ММК Алакөл филиалының директоры, «Алакөл орман шаруашылығы» ММ директорының орынбасары, директоры, Сарқан ауданының әкімі қызметтерін атқарды.

2011 жылдың мамыр айынан осы уақытқа дейін Алакөл ауданының әкімі болған.


Жоғары қарай