Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ералы Тоғжанов бастаған үкіметтік делегация жұмыс сапарымен Қордай ауданына барды

2021 жылдың 10 қыркүйек 2021 17:01

ҚОРДАЙ. ҚазАқпарат - Вице-премьер Ералы Тоғжанов бастаған үкіметтік делегация жұмыс сапарымен Жамбыл облысының Қордай ауданына барды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Премьер-Министрдің орынбасары Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында вакциналар өндіретін биофармацевтикалық зауыттың жұмысымен танысты.

Ералы Тоғжанов зауытта облыс әкімі, институт басшылығы, сарапшылардың қатысуымен арнайы кеңес өткізді, онда зауыттың өзекті мәселелері қаралып, шешу жолдары айқындалды.




Сондай-ақ, вице-премьер институт қызметкерлері үшін тұрғын үй құрылысының барысын тексерді.

Тұрғын үймен қамтамасыз ету биологиялық қауіпсіздік саласында білікті қызметкерлерді тарту үшін жағдай жасауға мүмкіндік береді.

Бұдан бөлек, делегация Гвардейск кентінің тұрғындары үшін жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысымен танысты.




Сонымен қатар Е.Тоғжанов бұқаралық спортты дамыту үшін «Ауыл - ел бесігі» бағдарламасы аясында салынған Отар ауылындағы мәдениет үйі мен дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылыс алаңында болды. Кешен ойын алаңымен, күрес және жаттығу залдарымен жабдықталған, үстел теннисіне арналған бөлмелер бар.

Жалпы, Премьер-Министрдің орынбасары Қордай ауданының әлеуметтік инфрақұрылымын жақсарту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарға оң баға берді.





Жоғары қарай