Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ералы Тоғжанов QazCoVac-P вакцинасы туралы пікір білдірді

2021 жылдың 16 маусым 2021 18:08

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов екінші қазақстандық вакцинаны ойлап тапқан мамандарға алғыс білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Өздеріңіз білетіндей, біздің ғалымдар бұған дейін инактивті вакцина дайындап шығарған болатын. Кеше ғана QazCoVac-P атты екінші отандық суббірлікті вакцинаның клиникалық зерттеуі басталды. Яғни клиникалық зерттеулер жүргізуге рұқсат берілді. Бұған дейін клиникаға дейінгі сынақтардан сәтті өткен болатын. Менің ойымша, бұл маңызды жаңалық. Бұл отандық мамандардың қолынан шыққан екінші вакцина деп айтуға болады. Осы іске атсалысқандардың бәріне алғыс айтқым келеді. Әлем бүгін пандемиядан шығудың басқа амалын ойлап тапқан жоқ. Бұл бағытта әрі қарай жұмыс істейтін боламыз», - деді Ералы Тоғжанов Медицина қызметкерлері күніне арналған кездесуде.

Еске салсақ, кеше Тараз қаласындағы көпбейінді қалалық ауруханада 18-50 жас аралығындағы еріктілердің қатысуымен QazCoVac-P суббірлікті вакцинасының клиникалық сынағы басталған болатын. https://www.inform.kz/kz/tagy-bir-kazakstandyk-vakcina-klinikalyk-synaktan-ote-bastady_a3801335

Жоғары қарай