Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ералы Тоғжанов Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында атқарылатын жұмыстарды атады

2021 жылдың 29 қаңтар 2021 13:20

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында атқарылатын жұмыстарды атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Биыл ерекше жыл – Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы. Тәуелсіздіктен асқан ешқандай құндылық жоқ деп ойлаймыз. Сондықтан 30 жылдың ішіндегі елдің жетістігін, соның ішінде биыл осы маңызды мерейтойды атап өтуді бірлесе талқылаймыз», - деді Е. Тоғжанов аталған Ақпарат министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде.

Үкімет басшысының орынбасары біраз министрліктердің қатысуымен тиісті талқылаулар болғанын, алдағы уақытта Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен жиындар жоспарланып отырғанын айтты.

«Бұл тақырыпқа ерекше көңіл бөлініп отыр. Оған байланысты мемлекеттік үлкен комиссия құрылғанын жақсы білесіздер. Сондықтан осы бағытта біраз жұмыс істейтін боламыз. Өздеріңіз білесіздер, Президент Тәуелсіздік мерейтойын атап өтудің басты қағидаларын атап көрсетті. Оның ішінде бірігіп жағымды өзгерістер мен ұтымды реформалар жасайтын жыл деп қабылдануы керек. Екіншіден, азаматтардың нақты мәселелерін, ең алдымен, әлеуметтік мәселелерді шешетін кезең деп қабылдауға болады. Жоспарланған іс-шараларды жоғары деңгейде іске асыруға күш салып, Тәуелсіздік жылдары қол жеткізілген нәтижелерімізді ел ішінде де, халықаралық деңгейде де таратуымыз керек», - деді Ералы Тоғжанов.


Жоғары қарай